CS2 турнирі
31 қазан - 1 қараша · 2026
MOPSIKI
Primerity
NIS түлектерінің спорт қауымдастығы. Турнирлер, тұрақты ойындар мен кездесулер.


Қауымдастықтың барлық кездесуі
бір күнтізбеде. GMT +5
Бұл күні әзірге іс-шара жоқ. Ойын күндері нүктемен белгіленген.
Бір турнирге немесе апта сайын. Өзіңе жақын форматтан баста.

Астанадағы NIS қауымдастығының барлық ниет білдірушісіне арналған тегін футбол кездесулері. Апта сайын ойнап, танысып, өз командамызды құрамыз. Қосылу үшін ұйымдастырушыға WhatsApp арқылы жазыңыз. Ол алдағы жаттығу уақытын айтып, сізді секция тобына қосады.
Кесте мен алдағы жаттығу уақытын секция тобындағы ұйымдастырушыдан нақтылаңыз.
Секцияға тіркелуКесте, тіркелу және қатысушылар - жеке кабинетте.Қозғалыс, кездесулер және игі істер. Alumni Active - түлектерге, достарға және қосылғысы келетін баршаға арналған NIS Alumni Sports-тың ашық бағыты. Бұл бағыт шахмат кездесулерін, жүгіруді, марафондарды және қайырымдылық іс-шараларды біріктіреді. Әр іс-шараның форматы мен қатысу шарттарын бөлек жариялаймыз. Жаңалықтарды ортақ күнтізбеден қадағалаңыз.



NIS Alumni Sports NIS түлектерінің спорт бастамаларын біріктіреді. Мұнда таныс жандар турнирлерде, тұрақты жаттығуларда және ашық кездесулерде қайтадан бір командаға айналады. Қауымдастықты қатысушылармен, үйлестірушілермен және серіктестермен бірге дамытамыз. Мақсатымыз - нақты кестесі, қолжетімді қатысуы және ортақ тарихы бар спортты мектептен кейін де жалғасатын дәстүрге айналдыру.
Допты бас. Ойындарымыздың бір сәтіне қайта орал.







31 қазан - 1 қараша · 2026
MOPSIKI
Primerity


